15.09.2025, 9:00
Оқылды: 503

«Ақ бидай-2025»: Батысқазақстандықтар жүлде санын арттыруда

Ауыл спортын дәріптейтін дәстүрлі «Ақ бидай» ойындарының екінші жарыс күні өз мәресіне жетті. Бұл күн облыс спортшылары үшін табысты болды. Команда қоржыны екі алтын, үш күміс және екі қола медальмен толықты.

af566eca-d364-475d-9923-689e14f9e115
Қазіргі уақытта бәйге түрлері, асық ату, бес асық, қол күресі мен аударыспақтан сайыстар өз мәресіне жетті. Ол спорт түрлерінің жеңімпаз-жүлдегерлері анықталды.
4c975420-2d98-41e5-b42f-5a7fe68049b1
Алғашқы күні ат жарысына қатысқан шабандоздар үздік өнер көрсетіп, команда есебіне 46 ұпай сыйлады. Одан бөлек өңір командасы қол күресінен 8 ұпай, аударыспақтан 22 ұпай еншіленді. Асық ату жарысында 5 ұпай, ал бес асық шеберлері 10 ұпай жинады.

175999d3-6af8-4b77-9be3-39a32ce8da35
Осылайша, жарыстың екінші күні аяқталған сәтте Батыс Қазақстан облысының спортшылары 91 ұпайға қол жеткізіп, төртінші орынға тұрақтады.
77189d05-ab74-4edd-801d-a08f06abdac6

Қазіргі таңда көш басында Түркістан, Жамбыл және Алматы облыстарының командалары тұр.

490464df-dbcd-4813-bf9a-4d7a5ce3a7b6
Жарыс әлі жалғасуда. Спортшылар алдағы күндері өтетін тартысты бәсекелерде жүлде қорын молайтып, үздік үштікке енуге ұмтылады деген сенімдеміз.

Түгелбай Бисен,

zhaikpress.kz.

Фото: Мейірбек Тажқұранов

39cbcf9e-e541-4c34-a52d-f3de278fc614

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале