"Ақ бидай-2025" ауыл спорты ойындары аясындағы "Дәстүрлі садақ" ату бәсекелері аяқталды.

Соңғы болып жарысқа "Жамбы" нысанасының мергендері түсті. Қорытындысында өңір намысын қорғаған Азамат Өтәлі төртінші, Гүлназ Сексембиева жетінші орын иеленді.

Ал жалпыкомандалық есепте садақшы ерлер бірінші орынға табан тіреді. Ал нәзік жанды мергендер үшінші орын иеленді.
Бұл облыс командасы қоржынына біраз ұпай түсті деген сөз.
Түгелбай Бисен,
zhaikpress.kz
Фото: Мейірбек Тажқұранов
