18.09.2025, 14:30
Оқылды: 497

"Ақ бидай-2025": Облыс футболшылары жартылай финалда!

"Ақ бидай" ауыл спорты ойындарындағы тартыстың төресі шағын футбол жарысында. Жанкүйер жүрегін тулатып, алаңдағы әр сәтін айқайға бөлейтін ойынның қызығы, шешуші сәттер де жақындады.

fcacaeb6-1a35-4832-b120-675ada2daf8a

1/4 финалда біздің өңірдің аяқдопшылары Қызылорда облысының намысты жігіттерімен жолықты. Қос команданың да мақсаты айқын - жеңіссіз қайтпау. Алаңда арпалыс, доп үшін талас, әр сәт – тартыс. Негізгі уақытта ешкім ешкімге дес бермеді. 40 минут бойы қақпалар "құлыптаулы" болды. Есеп – 0:0.

26d8734a-224e-4c57-9f9e-d34c429220d4

Шешім пенальтиде шықты. Нағыз жүрек жұтқандардың сәті! Сол сәтте біздің қақпашымыз Сабыржан Бақытжан алға шықты. Бір емес, екі соққыны қайтарып, команданы өрге сүйреді. Қақпашының қайсарлығынан жігер алған Ерлан Сағындықов пен Айеке Мұхаммедқанафия өз мүмкіндіктерін мүлт жібермеді.

afb04419-4da1-45fd-a0fb-4eaf12faf480

Жеңістің дәмі – еңбекте. Тарихта тұңғыш рет біздің облыс футболшылары "Ақ бидай" ойындарының жартылай финалына жолдама алды. Бұл тек спорт емес, бұл намыс пен рухтың жеңісі. Алға, Орал!

Түгелбай Бисен,

zhaikpress.kz

Фото: Мейірбек Тажқұранов

0fa85190-e8d7-4ff4-a5bb-8f5e50392b58 ef3ed9cf-b104-4752-a79b-7ffae1bc0fbf fe5699ca-38b9-483f-82c3-563fe6964574 725ddea7-4f72-463c-8d90-e41b84cd88c0 cd3f0390-e9d9-4f25-a8db-2f98eea22c3f (1) 6b97b167-29a7-4962-a01a-be502e198fd7

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале