"Ақ бидай" ауыл спорты ойындарының аясындағы қазақ күресі бәсекелері аяқталды.

Екі күнге созылған бозкілем бәсекесінде өңір намысын қорғаған палуандар екі алтын, бір күміс және бір қола медаль жеңіп алды.
Ауыл ойындарында алтын жүлдені Мейірім Айғали мен Тайман Нұрғалиев, күміс жүлдені Нұрсұлтан Мырзахметов, ал қола жүлдені Мерей Бердіғали еншіледі.
Осындай тамаша нәтиженің арқасында облыс құрамасы командалық есепте үшінші орыннан көріне алды.
Түгелбай Бисен,
zhaikpress.kz
Фото: БҚО спорт
