15.09.2025, 16:30
Оқылды: 558

"Ақ бидай-2025":  Теңге ілушілер командалық есепте екінші орынға табан тіреді

"Ақ бидай" ауыл спорты ойындары қызды. Жарыстың үшінші күні теңге ілушілер жүлде таласына түсті.

WhatsApp Image 2025-09-15 at 17.23.53 (1) WhatsApp Image 2025-09-15 at 17.23.53

Бұл сында өңір намысын қорғаған Ерболсын Мұқашев "Бес белес" стилінде бесінші, "Қос құлаш" стилінде өнер көрсеткен Мейрамбек Шияз екінші орын иеленді. Ал "Жеті құт" стилінде бақ сынаған Жалын Бисембаев төртінші орынға табан тіреді.

Осындай тамаша нәтиже арқасында өңір теңге ілушілері командалық есепте екінші орынға ие болды.

Түгелбай Бисен,

zhaikpress.kz.

Фото: Мейірбек Тажқұранов

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале