Екі күн бойы өзара сайысқа түскен еліміздің барлық өңірінің мергендері жарысында өңір спортшылары "Азия" стилінде бір күміс медаль жеңіп алды.

Одан кейін өткен "Түркі", "Мажар", және "Жамбы" стилдерінде де сәтті өнер көрсеткен ат үстіндегі мергендер жалпыкомандалық бесінші орынға ие болды. Бұл команданың қоржынына біраз ұпай түсті деген сөз.
Жамбы ату сайысында облыс намысын Райымбек Карипуллиев, Айдос Мұқанов, Берік Мұқашев және Константин Потапов сынды спортшылар қорғады.
Түгелбай Бисен,
zhaikpress.kz.
Фото: Мейірбек Тажқұранов