Жастар мәдениет сарайында XV республикалық «Ақ көгершін» балалар фестивалі мәресіне жетті.
Дәстүрлі түрде өтетін бұл фестивальге вокал, халықтық аспапта орындау, би өнері, балалар сәні, көркемсөз аталымдары бойынша еліміздің батысындағы төрт облыстан келген 4-тен 18 жасқа дейінгі 100-ден астам бала қатысты.
Солардың қатарында облысымыздың намысын қорғаған оралдық «Айназ» би тобы, көркемсөз оқудан ақжайықтық Нұрдәулет Мағытай және дәстүрлі ән орындаудан оралдық Армат Әділов пен жаңақалалық Сихватолла Ешкалиев, «Вокал» аталымы бойынша Римма Жантурина және Сабина Исмаилова, «Аспапта үздік орындаушы» аталымы бойынша Айдос Серіков, Ансар Мұхамбетқалиев, Байдәулет Сүндетқали, Полина Незнанова, Әсел Жармағанбетова, Жолдығали Данияр, Гүлназ Шарипова, Сұлтан Бақытжан, Мирлан Жанболов, Кимран Раушандар бас жүлдені жеңіп алды.
Гүлсезім Бияшева