31.08.2020, 15:33
Оқылды: 54

Ақ желеңділердің еңбегі еленді

Ата Заңның алғашқы бабы «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» деп басталады. Ал адамның ең басты байлығы – денсаулығы. Осыған орай облыс әкімі Ғали Есқалиев өңірдегі медицина қызметкерлерін ҚР Конституция күнімен құттықтап, оларға «Қазақстан  Конституциясына – 25 жыл» мерекелік медалін және өзінің атынан алғысхат табыстады.

736B0C93-CB49-4C86-9A0F-03B79859C87C

– Адамның өмірі қаншалықты қымбат және нәзік екендігін ақ халатты жандар жақсы біледі. Соңғы алты айда бұқаралық ақпарат құралдарында тек коронавируспен күрес және оның алдын алу шаралары туралы ғана айтылып келді. Бұл індетпен күресте алдыңғы шепте өздеріңіз, яғни медицина қызметкерлері жүрді. Сіздердің Гиппократ антына адал екендеріңізге куә болдық. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы мен облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің қызметкерлері індетпен күрес жұмыстарын, санитарлық-эпидемиологиялық ахуалды жақсарту шараларын жоғары деңгейде ұйымдастыра білді. Бұл вируспен күресте дәрігерлеріміз өз өмірлерін қауіпке тіге отырып, отбасыларынан екі айлап жырақта жүрді. Коронавирус бойынша облысымызда эпидемиологиялық ахуал тұрақтала келсе де, қауіп әлі сейілген жоқ. Сіздердің тәжірибелеріңіз бен біліктіліктеріңіздің арқасында індеттің беті қайтатынына сенеміз. Мен, ел Президентінің облыстағы ресми өкілі ретінде және өңір тұрғындарының атынан Гиппократ антына адалдықтарыңыз бен әр науқастың өмірін сақтау жолындағы еңбектеріңізге алғыс айтамын, - деді облыс әкімі Ғали Нәжімеденұлы.

4AC8B8C1-14B6-4710-B8F3-84B61183D5CA

1C051CA9-C42C-4C41-8ABE-483C5DB7ED93

Гүлсезім Ерболатқызы,

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале