«Ақ жол» демократиялық партиясының Алматы қалалық филиалы депутаттыққа кандидаттардың қатысуымен автошеру ұйымдастырды.
«Ақ жол» партиясының нышаны мен жалаулары бар шамамен 20-ға жуық ақ автомобиль автоколоннасы тиісті қауіпсіздік талаптарын сақтай отырып, Алматы қаласының көшелерімен жүріп өтті.
Автошеру «Нұрлы тау» Бизнес орталығынан басталып, келесі бағыт бойынша жалғасты: әл-Фараби даңғылы – Саин көшесі - Рысқұлов даңғылы – Сүйінбай даңғылы – Шолохов көшесі – Сейфуллин даңғылы - әл-Фараби даңғылы.
inform.kz