12.09.2025, 21:00
Оқылды: 148

«Ақбидай» спартакиадасына дайындық: арнайы жиын өтті

Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Бақдәулет Сәбитов «Ақбидай» ауыл спорты ойындарының негізгі жарыстары басталар алдында арнайы жиын өткізді.

IMG_9534

Жиынға спорттың 20 түріне жауапты мамандар мен бапкерлер қатысты. Басқосуда спортшылардың орналасуы, жарысқа дайындығы және ұйымдастыру жұмыстарына байланысты мәселелер талқыланды.

IMG_9536

Бақдәулет Маратұлы әр бапкер және жауапты мамандармен жеке-жеке сөйлесіп, туындаған қиындықтарды кейінге қалдырмай, дер кезінде шешу қажеттігін атап өтті.

IMG_9538

– Ел намысын арқалап келген соң, абыройды қолдан бермеуіміз керек. Төрт жыл бұрын 17-орын алған едік. Биыл көрсеткішті жақсартуға тиіспіз, – деді басқарма басшысы.

IMG_9533

Түгелбай Бисен

«Орал өңірі»

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале