11.06.2024, 0:00
Оқылды: 58

Әкімшілік құқық бұзушылыққа жол берген азаматтар қоғамдық жұмыстарға тартылатын болады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әкімшілік құқық бұзушылыққа жол берген ел азаматтарын қоғамдық жұмыстарға жегу туралы заңға қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

IMG-20240610-WA0089Сурет: pixabay

Бұл туралы Ақорда хабарлайды.

"Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды", делінген құжатта.

Бұған дейін Әділет министрі Азамат Есқараев қазіргі уақытта пробация қызметі әкімдіктермен бірлесіп қылмыстық құқық бұзушылықтар шеңберіндегі жазаның бұл түрін жүзеге асырып жатқанын айтқан болатын.

"Заң жобасында "қоғамдық жұмыстарға тартуды" қолдану тетігін былайша жүзеге асыру ұсынылады. Қоғамдық жұмыстардың түрлерін және қоғамдық жұмыстарды орындауы тиіс ұйымдардың тізімін әкімдіктер (ҚР ҚК-мен ұқсастығы бойынша) айқындайтын болады".

3 сәуірде депутаттар азаматтарды құмар ойындарға тартқаны үшін жауапкершілікті қатаңдатуға бағытталған "Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын әзірледі. 16 сәуірде "ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы жарияланды, оған сәйкес кәмелетке толмағанды қорлағандарға (буллинг, кибербуллинг) жауапкершілік енгізіледі.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале