14.01.2022, 12:00
Оқылды: 49

Ақмола облысында 21 жастағы қыз өндіріс орнында күйіп қалды

Ақмола облысындағы жергілікті кәсіпорындардың бірінде қызметкері, 21 жастағы қыз күйіп қалды, полиция қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

10

«Биылғы жылғы 11 қаңтарда Степногор қалалық полиция басқармасының кезекші бөліміне қалалық ауруханадан «2-3 дәрежелі күйік, жоғары тыныс жолдарының термиялық күйігі, 1 дәрежелі травматологиялық шок» диагнозы бар науқастың жеткізілгендігі туралы хабар түсті. Анықталғандай, жергілікті кәсіпорындардың бірінің жұмысшысы, 2001 жылы туған қыз, герметизациядан кейін цех бөлмесіндегі бу құбырынан талдау алу кезінде дене жарақатын алған», - деді ведомстводан.

Ведомствоның баспасөз қызметінен атап өткендей, қазіргі кезде Степногор қалалық полиция басқармасының тергеу бөлімі осы оқиғаға бойынша Қылмыстық кодекстің 156-бабы 1-бөлігі «еңбекті қорғау ережелерін бұзу» бойынша сотқа дейінгі тергеу шараларын қолға алды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале