27.06.2022, 18:00
Оқылды: 18

Ақмола облысындағы егістік жер көлемі 5,1 млн гектарға жетті - Ермек Маржықпаев

Биыл Ақмола облысында егістік жерлерінің көлемі 5,1 млн гектарға жетті. Бұл республика бойынша жоғары көрсеткіш, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

220627155150525e

Сурет дерек көзі: ҚазАқпарат

«Биыл біз ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алқабын 5,1 млн гектарға дейін жеткіздік. Бұл республика бойынша жоғары көрсеткіш. Жыл сайын біз ел астығының төрттен бір бөлігін өндіреміз, бұл ретте біз астыққа, тұқымға және азыққа деген ішкі қажеттілікті толық қамтамасыз етеміз. Жыл сайын 28 елге 2 млн тоннадан астам астық экспортталады», - деді Бурабайда өткен Орталық коммуникациялар қызметінің көшпелі баспасөз мәслихатында Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев.

Сонымен бірге аймақ басшысы ауыл шаруашылығы құрылымдарының материалдық-техникалық жабдықталуына да тоқталды. Әкімнің айтуынша, жыл басынан бері облыстың агроқұрылымдары жалпы сомасы 21 млрд теңгеге 727 бірлік ауыл шаруашылығы техникасын сатып алған. «Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында облыста әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерін өндіру көлемін арттыру бойынша жұмыстар жүргізілуде, жыл сайын майлы дақылдар, картоп және көкөніс алқаптарын ұлғайтып келеміз. Биыл майлы дақылдар мен картоп алқабы 15 пайызға, көкөніс 400 гектарға ұлғайтылды», - деп толықтырды Е.Маржықпаев.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале