19.03.2025, 17:45
Оқылды: 339

Ақпан айында Қазақстанның 15 өңірінде инфляция қарқын алды

Ақпанда елде жылдық инфляция жеделдеп, 9,4% болды (қаңтарда – 8,9%). Жылдық инфляция 15 өңірде жеделдеді, 3 өңірде баяулап, 2 өңірде өзгеріссіз қалды, - деп жазады Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі.

ЖП Азық-түлік

Жылдық инфляцияның ең жоғары мәні Астана қаласында тіркелді.

Ақпанда азық-түлік тауарларының бағасы ж/ж 6,5%-ға дейін жеделдеді (қаңтарда – 5,8%). Осы топтағы тауарлардың бағасы Ақмола облысында (8,9%) барынша жоғары, ал Түркістан облысында (4,5%) мейілінше төмен қарқынмен өсті.

Ақпанда азық-түлікке жатпайтын тауарлар бағасының өсу қарқыны 8,7%-ға дейін жеделдеді (қаңтарда – 8,4%). Ең жоғары мән Түркістан облысында (14,1%), ең төменгі мән Павлодар облысында (5,8%) тіркелді.

Ақпанда ақылы көрсетілетін қызмет бағасы ж/ж 14,1%-ға дейін жеделдеді (қаңтарда – 13,8%). Сонымен қатар, Батыс Қазақстан облысында (19,2%) баға жалпы республикалық деңгейден жоғары, Түркістан облысында (8,4%) айтарлықтай төмен өсті.

Ақпанда айлық инфляция ел көлемінде 1,5%-ға өсті.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале