– Өсімдік шаруашылығындағы индикстік сақтандыру
2020 жылдан бері өсімдік шаруашылығы сақтандырылады және ерікті түрде жүргізіледі.
Индиксті сақтандыру – сақтандырудың балама түрі. Төлемдер сақтандыру нысанына (ауыл шаруашылық өнімі немесе кірісі) келтірілген жеке залалды бағалау негізінде емес, арнайы жасалған индекстің тәртібі бойынша жүзеге асырылады.
Құрғақшылықтан сақтандыру кезінде топырақ ылғалы тапшылығының индиксі топырақтағы ылғалдың жетіспеушілігі үшін жерді қашықтан зондтау деректері негізінде бақыланады.
Сақтандыру Qoldau.kz веб-порталындағы «Agroinsurance» ақпараттық жүйесі арқылы жүзеге асады. Ауыл шаруашылығы тауар өндіруші сақтандыру үшін ақпараттық жүйеге тіркелуі керек.
– Көктемгі-далалық жұмыс
Ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алқабы
Биыл ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі мен БҚО әкімдігі арасында жасалған ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алқаптарын әртараптандыру жөніндегі меморандумға сәйкес ауыл шаруашылығы дақылдарының жалпы егіс алаңы 515 мың га құрауы тиіс:
– дәнді дақылдар 232 мың га құрауы тиіс (оның ішінде күздік дәнді дақылдар – 86 мың га, жаздық дәнді дақылдар – 146 мың га);
– майлы дақылдар 80 мың га алқапқа белгіленіп отыр, оның ішінде күнбағыс алаңын 55 мың га дейін жеткізу жоспарлануда;
– картоп және көкөніс-бақша дақылдарының ауданы 9,9 мың га;
– азықтық дақылдар 193 мың га құрайды, оның ішінде біржылдық шөптер – 20,5 мың га, сүрлем – 1 мың га, көпжылдық шөптер – 26,0 мың га. Өткен жылдардағы көпжылдық шөптердің ауданы – 145,5 мың га.
Бұл ретте облыстың ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің жалпы егіс алаңын 540 мың га дейін ұлғайтуға мүмкіндігі бар.
– Мал шаруашылығы саласындағы мемлекеттік қолдау
2021 жылдың 16 сәуіріндегі жағдай бойынша 1 млрд теңге сомаға субсидия төлеуге 1116 өтінім қабылданды.
– Фермерлердің инвестициялық шығындарын өтеу (өтеу
пайызы, түрлері, шарттары)
Инвестициялық салымдар кезінде АӨК субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялаудың негізгі мақсаты күрделі қаржы сыйымдылығын қажетсінуді төмендету және салынған инвестициялардың өзін-өзі ақтауын жақсарту арқылы АӨК-тің басым бағыттарында (секторларында) инвестициялық жобаларды іске асыру барысында тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігін арттыру болып табылады.
Биыл «Инвестициялық салымдар кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау» бағдарламасы бойынша республикалық бюджеттен 4 млрд 50 млн теңге бөлінді.
Бүгінгі таңда облыстың тауар өндірушілерінен 339 өтінім қабылданып, 500 млн теңге төленді. Өтінімдерді қабылдау ағымдағы жылдың 15 желтоқсанына дейін жүргізіледі.
Осы бағдарлама шеңберінде шаруашылықтардың ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуы, сүт-тауар фермаларының құрылыс-монтаждау жұмыстары, бордақылау алаңдары, жылыжай кешені және АӨК-тің 25%-ға дейінгі басқа да жобалары, ұңғымалар мен құдықтар салу кезінде 50%-ға дейінгі инвестициялық шығындар өтеледі.
БҚО ауыл шаруашылығы басқармасы