Ақсай қаласында ер адам 9-қабаттан құлап кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметкері, полиция майоры Дариға Мәжитованың айтуынша, қайғылы оқиға 7 маусым күні сағат 08.10-да болған.
«Тоғызыншы қабаттан құлаған 61 жастағы ер адам оқиға орнында жан тапсырды. Қазіргі кезде аталған дерек бойынша ҚР ҚК 105-бабы 1-бөлігіне (өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», - деді ҚазАқпарат тілшісіне Д.Мәжитова.
Бұл – соңғы кезде Ақсай қаласында болған осындай екінші оқиға.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Ақсай қаласында 41 жастағы ер адамның өзін-өзі атып өлтіргенін жазған болатынбыз.