7.12.2020, 21:00
Оқылды: 57

Ақсайда аяғына оқ тиген 25 жастағы жігіт ауруханаға түсті

Ақсай қаласында аяғына оқ тиген 25 жастағы тұрғын ауруханаға түсті.

ақс1

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, оқиға 5 желтоқсан күні түнде қаланың солтүстік бөлігінде болған. Сағат 23.50-де 25 жастағы тұрғын атыс жарақатымен Бөрлі аудандық орталық ауруханасының хирургиялық бөлімшесіне түсті. 23 жастағы күдікті ұсталып, уақытша оқшаулау изоляторына қамалды. Мылтық тәркіленді.

Қазіргі кезде оқиғаның неден өрбігені анықталу үстінде. ҚР ҚК 293-бабы 3-бөлігіне сәйкес (бұзақылық) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Бөрлі аудандық орталық ауруханасынан түскен мәліметке қарағанда, сол жақ балтырына оқ тиген тұрғынға ота жасалған. Жағдайы орташа деп бағалануда.

inform.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале