Бөрлі ауданындағы Ақсай қаласында 19 қазан күні таңғы сағат 8:20-да жол-көлік оқиғасынан екі адам мерт болды.
«Lada Granta» көлігін тізгіндеген 1986 жылғы азамат қарсы жолға шығып кетіп, «Лада-21114» көлігіне соқтығысқан.
Жол-көлік апатынан «Лада-21114» көлігіндегі 1950 және 1948 жылғы ерлі-зайыптылар бірден қаза болды. Ал екінші көліктегі жүрізуші мен екі жолаушы түрлі жарақатпен Ақсай қаласындағы ауруханаға жеткізілді.
Аталған факті бойынша ҚК-ның 345-бабы 4-бөліміне (көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы салдарынан абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан іс-әрекет) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Сот-медициналық сараптамасының нәтижесінде «Lada Granta» көлігінің жүргізушісі масаң күйде болғаны анықталды.