10.08.2020, 9:47
Оқылды: 40

Ақсәуле Әлжанның зерттеуі – «Нью Йорк Таймс» бетінде

Көп жылдар  республикалық «Жетінші арна», «Хабар» телеарналарында тележүргізуші, журналист болып қызмет атқарған Ақсәуле Әлжанның есімі көпке таныс.

3AB02E73-9C90-4E9A-BE4E-60DD9FFAEB23

Ақсәуле Әлжан 2017 жылы «Болашақ» стипендиясының иегері атананып, АҚШ-қа жол тартады. Бостонда бір жылдай тіл меңгереді.

2018 жылы Калифорниядағы Беркли университетінің журналистика жоғары мектебіне оқуға түсіп, аталмыш оқу орнын 2020 жылы мамырда тәмамдаған. Бұл Америкадағы журналистерге арналған екі жылдық бағдарлама. Мықты мамандар сабақ беретін өте жоғары, беделді оқу орны.

- Биыл біздің мектеп әлемдегі ең беделді басылым «Нью Йорк Таймспен» бірігіп жоба бастады. Біздің мектеп студенттері Калифорниядағы пандемия, карантин, коронавирус тақырыптарында мақалалар жаза бастады. Басылым ең үздік деген материалдарға таңдау жасап, жариялауды қолға алды.

EBC09B65-7B9D-4FEC-891F-D1CC159191D0

Әріптестерім Гаррет Зеролф пен Дэниел Лемпреспен бірігіп жасаған репортажымыз «Нью Йорк Таймстың» бірінші бетінде жарық көрді. Пандемия кезінде зорлық-зомбылыққа ұшыраған балалардың жағдайын бірнеше айдан бері зерттегенбіз. Жасалған жұмыс үлкен, үйренгенім одан да көп, алғысым шексіз, - дейді Ақсәуле бізбен WhatsApp желісі арқылы байланысқа шығып.

Айта кету керек, Ақсәуле Қанатқызы – БҚО Қаратөбе мектеп-гимназиясының түлегі.

Ертай Бимұханов,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале