АҚШ-та мемлекеттік қарыз бойынша дефолт болуы мүмкін. Мұндай қауіптің барын Ақ үй басшысы Джо Байден мәлімдеді. Айтуынша, дефолтты болдырмас үшін Конгресс жалпы көлемі 28 триллион 4 миллиард доллардан берешек шегін көтеруі тиіс. Әрі бұл шешімді 18 қазанға дейін қабылдап үлгеру қажет.
Сондай-ақ Байден мемлекеттік қарыз көлемінің шегі көтерілмесе, АҚШ Қаржы министрлігінің құнды қағаздарының қауіпсіздігіне қатер төніп, доллар әлемдік қор валютасы ретіндегі мәртебесінен айырылып қалуы ықтимал екенін де ескертті.
- Түсініңіздер, мемлекеттік қарыз алуды ұзартудың басты себебі Трамп әкімшілігінің жасап кеткен қателіктерінен болып отыр. Яғни, сол кездегі салық саясатының дұрыс орындалмауы дер едім. Бұрынғы әкімшілік өздеріне берілген 4 жылдың ішінде мемлекеттік қарызға қосымша 8 триллион долларды қосты. Демек, республикалықтар бізге көмектескіңіз келмесе онда демократтардың жолында тұрмай, жай ғана кедергі келтірмеуіңізді сұраймыз. Елімізді сақтап қалғыларыңыз келсе, жағаласпаңыздар, - деді АҚШ Президенті.
24.kz