13.01.2022, 10:03
Оқылды: 16

АҚШ Қазақстан үкіметіне алғыс айтты

АҚШ елшілігі мен консулдығы Қазақстан үкіметіне Америка қызметкерлері мен азаматтарының бір бөлігін Алматыдан уақытша эвакуациялауды қолдағаны үшін алғыс білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

photo_92554

"АҚШ Қазақстан үкіметіне 12 қаңтарда АҚШ консулдығының кейбір қызметкерін, АҚШ азаматтарын және басқа да шетел азаматтарын Алматыдан уақытша эвакуациялауды қолдағаны үшін алғыс білдіреді. Қазақстан әрқашан Америка құрама штаттарының сенімді досы болған. Біз қазақстандықтардың табандылығына және осы дағдарыстан шығатынына сенеміз", - делінген АҚШ елшілігінің хабарламасында.

Сондай-ақ, АҚШ Қазақстанның конституциялық институттарын да толық қолдайды. Бұл туралы АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен 6 қаңтарда Қазақстанның сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердіге айтқан болатын.

  • Толық оқу 
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале