Ауа қолайсыздығынан 60-тан астам адам көз жұмып, мыңдаған адамдар электр қуатынсыз қалды. Ауа райы қолайсыздығына байланысты 12000-нан астам рейс тоқтатылды.
Нью-Йоркте жел тұрды да, содан кейін бәрі еріп кетті. Одан соң дала күрт салқындады.
“Айнала ерімейінше, мейрамханаға қандай залал келгенін нақты білмейміз. Бірақ ештеңе бұзылған жоқ. Бірде-бір терезе сынбады. Бірақ тұраққа зақым келді, – деді мейрамхана иесі Кевин Хоак.
Соңғы бірнеше күнде АҚШ-та көліктер қазылып, тұрғындарға азық-түлік пен су әкелінді, құтқару қызметі өтуі үшін жолдар тазартылды. Арктикалық аяз бен дауылды жел төтенше жағдай туғызды.
Буффалода 28 адам қаза тапты. Эри округінің медициналық сараптама бюросы мен денсаулық сақтау министрлігі қарлы боранға байланысты тағы үш өлімді растады. АҚШ-та суық ауа райының салдарынан кем дегенде 62 адам көз жұмды. 4000-нан астам адам әлі күнге дейін электр қуатынсыз. Билік тонау оқиғалары болғанын хабарлайды. Әскерилерді тартты.
АҚШ-та мұндай аяз жарты ғасырдан бері байқалмады. Ал биыл Флорида мен Джорджияда температура -10 градусқа дейін төмендеді. Монтана штатында ауа температурасы -45 градусқа дейін төмендеп, сарқырамалар қатып қалды.
Синоптиктердің болжауынша, алдағы бірнеше күнде қарлы боран басылуы керек.