27.12.2021, 14:30
Оқылды: 44

АҚШ-та белгісіз біреу кәсіпқой боксшыны атып өлтірді

АҚШ-та 30 жастағы ауыр салмақта өнер көрсететін кәсіпқой боксшы Дэнни Келлиді белгісіз біреу көлік айдап бара жатқан жерінен атып өлтірді. Қайғылы оқиға кезінде көлікте оның бүкіл отбасы болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

photo_91696

Оқиға 25 желтоқсанда Мэриленд штаты Темпл-Хиллз қаласындағы Сент-Барнабас жолында болды. Полицияның мәліметінше, боксшының көлігінің қасына тағы бір көлік тоқтап, жүргізушісі оқ жаудырған.

  Дәрігерлер боксшыны құтқара алмаған. Оның отбасы физикалық тұрғыдан зардап шекпеген. Қылмыскерді табуға көмектесетін ақпарат айтқаны үшін 25 мың доллар сыйақы беріледі.

Қазір детективтер бұл жолға байланысты болды ма немесе өлтіруге басқа себеп бар ма деген сұрақтар бойынша жұмыс істеп жатыр. "Келли мырзаның отбасы мен достары үшін өте ауыр жағдай болды. Бүгін Рождествода ол жақындарымен бірге емес. Енді олар мерекені тойлаудың орнына оның қайтыс болғанына қайғырады", - дейді ауыр қылмыс жөніндегі полиция офицері Дэвид Блейзер.

Соңғы жекпе-жегінде Дэнни Ник Киснерді екінші раундында нокаутқа түсірген еді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале