19.03.2022, 17:40
Оқылды: 36

АҚШ-та Қазақстандағы әйел құқығының қорғалуына оң баға берілді

АҚШ-қа жұмыс сапарының аясында Қазақстандағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Әзімова Мемлекеттік хатшы көмекшісінің демократия, адам құқықтары және еңбек жөніндегі орынбасары Кара Макдональдпен, Конгресс өкілдерімен кездесті және адам құқықтарын қорғаумен айналысатын үкіметтік емес ұйымдарға арналған брифинг өткізді.

220319154000850e

Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметі хабарлайды.

Аталған кездесулер барысында елімізде адам құқықтарының сақталуын қамтамасыз ету мәселелері, сондай-ақ Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» Қазақстан халқына Жолдауының тиісті қағидалары мен қаңтар оқиғалары бойынша жүргізіліп жатқан тергеуге тоқталды. АҚШ Мемлекеттік департаментінде өткен кездесуде Э. Әзімова К.Макдональдты Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың жұмысы туралы, сондай-ақ Президенттің Қазақстан халқына Жолдауында көрсетілген саяси реформалардың ауқымды бағдарламасы мен әлеуметтік-экономикалық шаралар туралы хабардар етті. Кең ауқымды демократиялық реформалар, соның ішінде сайлау жүйесін жетілдіру және т.б.

АҚШ Конгресінде өткен кездесулерде Э. Әзімова сұхбаттасушылардың назарын биліктің заң шығарушы тармағының өкілеттіктерін айтарлықтай кеңейтуге және Қазақстанның партиялық жүйесін дамытуға бағытталған жаңа прогрессивті шараларға аударды.

Азаматтық қоғам мен АҚШ Мемлекеттік департаменті өкілдерінің қатысуымен өткен дөңгелек үстелде Адам құқықтары жөніндегі уәкіл қаңтар оқиғасы бойынша жүргізіліп жатқан тергеудің алдын ала қорытындыларына тоқталды. Ол Қазақстан Президентінің адамның негізгі құқықтарын қорғау, оның ішінде қамауға алынғандардың құқықтарын қамтамасыз ету қағидаттарын ұстанатынын атап өтті.

2203191539438817g

Шараға Freedom House, National Endowment for Democracy, Solidarity Center, Халықаралық республикалық институт, Хельсинки комиссиясы сияқты ҮЕҰ қызметкерлері қатысты. Сонымен қатар, брифингке құқық қорғаушы, «Ақиқат» қоғамдық комиссиясының жетекшісі, 2018 жылы АҚШ Мемлекеттік департаментінің «Батыл әйелдер» халықаралық сыйлығымен марапатталған Айман Омарова қатысты. Ол өз сөзінде өзі басқаратын комиссия жүргізген тергеу жұмыстары мен оның нәтижелеріне тоқталды.

Жалпы, америкалық серіктестер Қазақстандағы саяси реформалар мен демократиялық өзгерістерге оң баға берді. Үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қазақстандық тараптың ашықтығын құптап, диалогтың, соның ішінде виртуалды форматта да, жемісті жалғасатынына үміт артатындарын білдірді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале