28.11.2024, 17:15
Оқылды: 297

Ақша айырбастау орындарында доллар 503-510 теңгеден саудаланып жатыр

Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар қымбаттап, рубль арзандады. Бұл туралы ҚазАқпарат жазды.

IMG_3402

 Сурет: pixabay.com

Ұлттық банктің 28 қарашаға арналған ресми бағамы — 1 долларға 499,51 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 4,62 теңге. Еуро — 525,83.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 505,3 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 509,5 теңге. Еуро 528 — 532,5 теңге аралығында құбылып тұр.

Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 503 теңге, сатып алу құны — 510 теңге. Еуро 525 теңгеден сатылып, 533 теңгеден сатып алынады.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 4,60 - 4,75 аралығында саудаланып жатыр.

Айта кетейік, 27 қараша кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 1,84 теңгеге қымбаттап, 500,42 теңге болған.

Осыған дейін ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары Виталий Тутушкин доллар бағамының 600 теңгеге дейін өсуі мүмкін бе деген сұраққа жауап берді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале