Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 522-529 теңгеден саудаланып жатыр. Бұл туралы ҚазАқпарат жазды.

Сурет: pixabay.com
Ұлттық банктің 19 желтоқсанға ұсынған ресми бағамы — 1 долларға 522,63 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 5,07 теңге. Еуро — 548,66.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 515,5 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 526 теңге. Еуро 548,5 — 553 теңге аралығында құбылып тұр.
Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 512 теңге, сатып алу құны — 527 теңге. Еуро 545 теңгеден сатылып, 555 теңгеден сатып алынады.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 4,95 - 5,09 аралығында саудаланып жатыр.
Айта кетейік, 18 желтоқсан кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 2,02 теңгеге төмендеп, 522,58 теңге болған.
Осыған дейін Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы 2025 жылы доллар 545 теңгеге дейін баруы мүмкін екенін айтты.