Ақтау қалалық соты 2022 жылғы 10 маусымдағы үкімімен абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірді деп айыпталған сотталушы И.-ға қатысты қылмыстық істі қарады (ҚК 106-бабы 3-бөлімі).
И есімді азамат биылғы 4 қаңтарда кішкентай қызын ұрып, оны бар күшімен итеріп жіберген кезде балада гематома пайда болды. 8 қаңтар күні шамамен түнгі сағат 2.00-де ашуға әбден булыққан әйел бүлдіршін қызының іш қуысынан жұдырығымен қайта соққы жасады. Одан кейін баланы жалғыз қалдырып, кетіп қалған. Кішкентай баланың мәйітіне жүргізілген сот-медициналық сараптамасының қорытындысына сәйкес, өлім іш қуысының жарақаты салдарынан болған.
Сот үкімі бойынша, И. ҚК 106-бабының 3-бөлімінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 8 жыл жылға сотталды.