7.12.2021, 14:30
Оқылды: 40

Ақтауда Ұлттық ұлан жауынгерлері іздеуде жүрген екі құқық бұзушыны ұстады

Ақтауда Қазақстан Республикасы Ұлттық ұлан «Батыс» өңірлік қолбасшылығы 6656 әскери бөлімінің жауынгерлері бір күнде іздеуде жүрген екі азаматты бірден ұстады.

89046b41-bb36-40ba-b733-061d48b74526

Бірінші оқиға ағымдағы жылдың 5 желтоқсанында кешкі сағат  20:15 шамасында болды. Бұл күні  6656 әскери бөлімінің автопатруль экипажы құрамында әскери жасақтың кезекшісі, лейтенант Рустам Темірболатов пен сақшы, қатардағы жауынгер Дамир Тұралиев үшінші шағын аудандағы 9-үйдің жанында алынған бағдарда көрсетілген белгілері бойынша ұқсас еуропалық келбетті ер адамды байқады.

Полиция формасындағы жігіттерді көрген ер адам жасырынуға тырысты, алайда әскери жасақтың батыл және шебер әрекеттерінің арқасында күдікті азамат қолға түсті. Ұсталған адамның жеке басын тексеру кезінде оның ұрлық жасағаны үшін іздеуде екені анықталды. Одан әрі тергеу үшін күдіктіні әскерилер полиция бөлімшесіне жеткізді.

Сол күні сағат 21:10 шамасында қаладағы қоғамдық тәртіпті қадағалау барысында басқа әскери жасақ құрамында патруль бастығы, қатардағы жауынгер Жабыл Бөлегенов, сақшылар, қатардағы жауынгерлер Иса Кеулімжай және Радион Байжанов сыртқы белгілері бойынша бұрын бағдар бойынша өткен күдікті әйелге назар аударды.

Әскерилердің қырағы және батыл әрекеттері арқасында 38 жастағы жергілікті азаматшаның жеке басын анықтап, құжаттарын тексеру барысында күдіктінің ұрлық жасағаны үшін іздеуде жүргені анықталды.

Қоғамдық тәртіпті және қауіпсіздікті қорғау бойынша жауынгерлік қызметті қырағылықпен атқарғаны, құқық бұзушыларды ұстау кезінде көрсеткен шебер және батыл әрекеттері үшін барлық әскери қызметшілер 6656 әскери бөлімі командирінің тарапынан мадақталды.

 Ерболат Сұлтанов,

подполковник

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале