9.09.2024, 10:45
Оқылды: 185

Ақтаудағы сарбаздың өліміне қатысты Қорғаныс министрлігі мәлімдеме жасады

Ақтаудағы сарбаз өліміне қатысты Қорғаныс министрлігі мәлімдеме жасады.

916987FD-F501-46F7-9967-DC560A94B45F

Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігі

«Ақтау гарнизонындағы 25744 әскери бөлімінің мерзімді қызметтегі әскери қызметшісінің қайтыс болуына қатысты іс Қорғаныс министрінің ерекше бақылауына алынды. Оның тапсырмасы бойынша Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Ш-Х. Жазықбаевтың басшылығымен арнайы комиссия құрылды.

Қайғылы жағдайдың мән-жайы жан-жақты тексеріліп, тергеу органдарына объективті тергеу жүргізу үшін толық көмек көрсетілу үстінде.

Кінәлі тұлғалар ҚР Қылмыстық кодексіне сәйкес қатаң жауапкершілікке тартылады.  

ҚР Қорғаныс министрлігінің басшылығы қаза тапқан әскери қызметшінің отбасы мен туыстарына қайғыра көңіл айтады. Сондай-ақ сарбаздың туыстары мен жақындарына жан-жақты көмек көрсетілетінін хабарлайды», делінген хабарламада.

Еске салсақ, 7 қыркүйек күні «Батыс» өңірлік қолбасшылығы бөлімшелерінің «Оймаша» полигонында өтіп жатқан жиын кезінде сарбазға оқ тиіп, көз жұмды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале