31.03.2022, 17:30
Оқылды: 44

Активтерді елге қайтару ісін үйлестіретін орган құрылады

Қаржылық мониторинг агенттігі кірістерді жылыстату мен терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласын дамытудың 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын әзірледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

03

Құжат жобасы «Ашық НҚА» порталында жарияланды.

Тұжырымдаманың жобасы бойынша, активтерді қайтару саясатын қалыптастырып, оны іске асыруға қажетті құқықтық негіз түзетін, осы бағытта халықаралық әріптестікті дамытуға жауапты Ұлттық үйлестіруші орган құру көзделіп отыр.

Мұндағы басты мақсат активтерді қайтару ісі жолға қойылған, дамыған елдер мен Қазақстанның юрисдикциялары арасында жақын байланыс орнатуға бағытталған.

Оның үстіне бұл сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасына да сәйкес келеді. Нақтырақ айтсақ, негізсіз баюға жауапкершілік енгізудің қисынды жалғасы болмақ.

Ал капиталдың жылыстауына мониторинг жүргізу және оның мәліметтерін ел басшылығы мен Үкіметке хабарлап отыру шарасы мүдделі мемлекеттік органдардың капиталды заңсыз шығарумен бірлесіп күресуіне жол ашады.

Сондай-ақ, тұжырымдама аясында қылмыстық жолмен алынған кірістерді шетелге шығару мәселелерін ұлттық тәуекелдер ретінде бағалау үшін тиісті түзетулер қабылданады.

«Заңсыз қаржы ағындарының көлемін есептеу әдістемесін әзірлеп, сол бойынша тұрақты мониторинг жүргізу тәжіриебсін енгізу жоспарлануда.

Тұжырымдама аясында ұсынылатын шаралар кешені күдікті операциялар жасауды, капиталдың жылыстауын және кірістерді жылыстатумен және терроризмді қаржыландырумен байланысты басқа да заңсыз іс-әрекеттерді қысқартуға бағытталған», - деп жазылған тұжырымдама жобасында.

Құжаттың толық нұсқасын мына жерден көруге болады. Тұжырыдама жобасы 13 сәуірге дейін «Ашық НҚА» сайтында қоғамның талқылауына ұсынылып отыр.

Айта кетейік, бұған дейін ҚР Үкіметі жанынан экономиканы монополиясыздандыру жөніндегі комиссия құрылған болатын.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале