Ақтөбе – Атырау тасжолында жол-көлік апаты болып, екі адам көз жұмды, алтауы зардап шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бүгін Ақтөбе-Атырау автожолының 15-шақырымында екі көлік соқтығысты. «Lada Largus» автокөлігінің 29 жастағы жүргізушісі Ақтөбе қаласынан Бестамақ ауылына қарай келе жатып, жолдың қарсы бағытына шығып кеткен. Онда «ГАЗ – 5312» автокөлігімен соқтығысты. «Жол-көлік апаты салдарынан «Lada Largus» автокөлігінің 2 жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Қалған алты адам Ақтөбе қаласының жедел жәрдем ауруханасына жатқызылды», - деп хабарлады облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.