8.11.2025, 17:30
Оқылды: 133

Ақтөбе облысында 53 жастағы ер адам өз келінін зорлады деген күдікке ілінді

Әлеуметтік желіде Ақтөбе облысында болған жаға ұстатар оқиға туралы ақпарат тарауда. 53 жастағы ер адамға өз келінін зорлады деген күдік келтірілуде, деп хабарлайды Zakon.kz.

ПОЛИЦИЯ ЖП (жаңа)

Әлеуметтік желідегі мәліметке сәйкес, күдікті ұзақ уақыт бойы ішімдікке салынып, алкогольді асыра пайдаланған.

"Жақында ол Тоқмансай ауылынан Алға ауданына өгей ұлы мен келінінің қолына көшіп келген. Осы үйде, тергеу мәліметтері бойынша, қылмыс болған. Зардап шеккен жас келіншек небәрі 22 жаста", - делінген хабарламада.
Ақтөбе облысы полиция департаментінің (ПД) баспасөз қызметі біздің тілші жолдаған сауалға жауап бере отырып, Алға ауданының 22 жастағы тұрғынын зорлау фактісі бойынша күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалғанын жеткізді.
"Қылмыстық істі объективті және жан-жақты тергеуге бағытталған тергеу әрекеттерінің кешені жүргізілуде"- хабарлайды Ақтөбе облысы ПД баспасөз қызметі
Сондай-ақ, қылмыстық істі тергеу аясындағы өзге де ақпараттар жария етуге жатпайтыны нақтыланады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале