17.12.2024, 16:30
Оқылды: 167

Ақтөбе облысында балық аулаймыз деп кеткен екі адам көлікпен суға батып кетті

53 және 21 жастағы азаматтар бір мекемеде жұмыс істеген. Олар 14 желтоқсанда «Нива» көлігімен Темір ауданына балық аулаймыз деп кеткен, деп хабарлады Ұлттық арна.

жп жайық (2)

Олар хабарсыз кеткен соң туыстары полицияға жүгінді. Сүңгушілер марқұмдардың денесін Кенжалы өзенінен алып шықты.

«Алдын-ала мәлімет бойынша «Нива» жоғары жылдамдықпен келе жатып, көпірден өзенге құлап кеткен. Бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», деді облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале