Самара-Шымкент тасжолында жүк және жеңіл көлік соқтығысып, бес адам көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ақтөбе облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, оқиға 30 қаңткр күні сағат 19:20-да болды.
«Мерседес-ACTROS» маркалы жүк көлігінің жүргізушісі Хромтаудан Ақтөбе қаласына қарай бағыт алып, Өлке ауылы маңында метеорологиялық жағдайды ескермей, тайып, қарсы қозғалыс жолағына шығып кеткен. Салдарынан 34 жастағы жүргізушінің басқаруындағы «Toyota Camry-55» маркалы автокөлігімен соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан «Toyota Camry-55» автокөлігінің жүргізушісі мен төрт жолаушы алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды»,- деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.
Айта кетейік, ҚР ҚК 345-бабының 4-бөлігі бойынша іс қозғалып, тіркелді.
Полиция департаменті жол қозғалысының барлық қатысушыларын жол қозғалысы ережесін мүлтіксіз сақтауға шақырады.