Айта кету керек, 61 адам вирусты тіс дәрігеріне барған кезде жұқтырған. Қалғандары сұлулық салондары мен шаштараздарда сырқаттанған көрінеді.
Гепатит В вирусы бауырдың зақымдануынан туындаған жұқпалы ауру, ол көбінесе терінің сарғаюымен және метаболизмнің бұзылуымен байланысты. Инфекция кейіннен созылмалы гепатит пен бауыр циррозына әкеледі. Инфекция көзі – әртүрлі клиникалық аурулары бар адам және созылмалы тасымалдаушылар. Инфекцияны жұқтыру механизмі: парентеральды және қан арқылы.
Мамандар шеберден құралдардың өңделгенін не өңделмегенін алдын ала білуді ұсынады, оны стерилизацияның тиісті журналында қарауға болады. Мысалы, салонға алғаш рет келгенде, құралдардың қалай зарарсыздандырылғанын көрсетуді, маникюр жасау уақытында гепатиттен қандай қорғаныс бар екенін кезең-кезеңімен түсіндіруді сұраудан қысылмаңыз. Косметикалық қызметтер (маникюр, педикюр, пирсинг, пилинг, тату жасау және басқалар) кезінде кемінде үш жиынтық қолданылуы шарт. Егер сізге зақым келсе, дер кезінде антисептикті пайдаланған жөн.