Ақтөбе полициясы БТР техникасын сатпақ болған адамды анықтады. Қазіргі кезде тергеу жүріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Ақтөбе облыстық полиция департаменті экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Өрлеу ауылындағы карьердің аумағында қандай да бір белгілері мен құжаттары жоқ «БТР-60» техникасын тапты. Техниканың карьер инженеріне тиесілі екендігі анықталды. Ер адам оны шамамен 2000 жылдары белгісіз біреуден сатып алғанын және қажет болмаған соң қайта сатпақ болғанын айтты. Нақтыласам, бұл - атуға арналған әскери техника емес, жай қаңқасы ғана. Ресейден алған», - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.
Қазір Қылмыстық кодекстің 386-бабы 1-бөлігі бойынша іс қозғалып, тіркелді.
«БТР» Ақтөбе қаласындағы коммуналдық автотұраққа қойылды.