Ақтөбедегі саяжай алаптарының біріндегі пәтерден 750 мың теңге мен түрлі жылдардағы КСРО-ның коллекциялық монеталары және алтын бұйымдар ұрланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат polisia.kz телеграм каналына сілтеме жасап.
Полиция қызметкерлері осы қылмысты жасады деген күдік бойынша Қостанай облысының 42 жастағы тумасын ұстады. Оның Ақтөбедегі тағы бір пәтер ұрлығына қатысы бар екені анықталды.
Сонымен қатар, пәтер ұрлығы үшін Қостанай облыстық полициясының іздеуінде жүргені белгілі болды.
Күдіктіден «Айфон 6» ұялы телефоны, 57 коллекциялық монета, қалта сағаты тәркіленді.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 188-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.