19.03.2026, 17:00
Оқылды: 9

Ақтөбеде жалған медициналық анықтамалар рәсімдеген қызметкер ұсталды

 Ақтөбе облысында полицейлер жалған медициналық анықтамаларды жасаған медбикені ұстады. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі жазды. 

Полиция ЖП

Жедел ақпаратқа сәйкес, күдікті пайда табу мақсатында өзінің танысымен алдын ала сөз байласып, жалған медициналық құжаттарды (№075, №086 нысандағы анықтамалар және санитарлық кітапшалар) дайындау және сату бойынша заңсыз схема ұйымдастырған.

Анықталғандай, аталған тұлғалар клиенттерді міндетті зертханалық тексерулерден және бейінді мамандардың медициналық тексерулерінен нақты өткізбей-ақ жалған медициналық анықтамалар рәсімдеп отырған.

Мұндай құжаттарды заңсыз рәсімдегені үшін олар жүйелі түрде 5 мыңнан 10 мың теңгеге дейін ақшалай сыйақы алып келген. Қазіргі уақытта осындай анықтамаларды сатып алған 40 азамат анықталды.

Жұмыс кабинетінде жүргізілген тінту барысында жалған мөрлер табылып, тәркіленді. Қазіргі уақытта тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале