Жуырда Ақтөбе қаласында «Ақтөбе жартылай марафон» жарысы өтті. Еліміздің барлық өңірінен келген үздік желаяқтар бәсекесіне оралдық «Run.kz» жүгірушілері де қатысты.

Нәтижесінде 40-49 жастағы желаяқтар жарысында 10 шақырымға жүгірген Тұрсынай Сұлтанғалиева екінші орын, Зухра Ақмұханова 21 шақырымдық жарыста үшінші орын иеленсе, осы жастағы ерлер сынында 10 шақырымға жүгірген Руслан Әбішев жеңімпаз атанды. Сондай-ақ 18-29 жастағы жүгірушілер сынында Мансұр Мұқанов 21 шақырымда мәре сызығын үшінші болып, 10 шақырымда Мақсат Қозбағаров екінші, Гүлдана Сағынғалиева үшінші болып кесті. Ботагөз Ишахаева 30-39 жас аралығындағы желаяқтар жарысының күміс медалін қанжығалады. Ол да 10 шақырымдық сында жарыс жолына шықты.
Түгелбай Бисен,
«Орал өңірі»