14.11.2023, 11:45
Оқылды: 49

«Ақын да бір Қаршагүл...»

Облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының қолдауымен «Жүрегіме жүгі түсті жаһанның» атты мүшәйраның қорытынды кезеңі өтті.

вечер Сагата Абдугалиева (19)

Көрнекті ақын Сағат Әбдуғалиевтің 75 жылдығына арналған облыстық ақындар жарысын Қадыр Мырза Әли атындағы мәдениет және өнер орталығы мен Қазақстан Жазушылар одағы БҚО филиалы ұйымдастырған. Мақсаты – Сағат шығармашылығын насихаттау, оқу мәдениетін қалыптастыру және жас ұрпақты әдебиеттің әдемі әлеміне жетелеу.

b763d0e7-c8eb-432d-8250-4e5fe46ecbbe

Ең әуелі іс-шара қатысушылары Қадыр Мырза Әли ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, ақын рухына тағзым етті.

– Соңына өшпес мұра қалдырған ақын-жазушыларды ұлықтау – басты міндет-парызымыз. Қазіргі таңда жас қаламгерлер Сағат жырларын жата-жастана оқиды. Қысқа ғана ғұмырында тағдырдың ащы-тұщысын татып үлгерген, поэзия аспанында жарқ еткен тұлға шығармашылығы оқыған жанды толғандырмай қоймайды. Арманының ақиқатқа айналуын көксеген қаламгер туындылары насихаттала бермек, – деген өңір басшысының орынбасары Бақытжан Нарымбетов Сағат Әбдуғалиевтің «Кіндік жұрт – Қазақстаным» атты өлеңінің бір шумағын оқып берді. Сонымен қатар ақынның ұлы Айқын Сағатұлына құрмет көрсетіп, иығына шапан жапты. Өз кезегінде Айқын ағамыз жас ақындарға сәттілік тілеп, мүшәйра ұйымдастырушыларына ризашылығын білдірді. Шараға Сағат ақынның қызы Фарида Сағатқызы және немересі Қайрат Айқынұлы да қатысты.

вечер Сагата Абдугалиева (3)

Іс-шара барысында ақынның сөзіне жазылған «Ақын дауысы», «Тәтті мұң» атты әндер шырқалды. Жас ақындар кезекпен сахнаға шығып, Сағат Әбдуғалиевтің бір өлеңін жатқа оқыды. Оған қоса өздерінің осы мүшәйраға ұсынған қос өлеңін оқыды. Оның бірі Сағат Әбдуғалиевке, бірі туған жерге арналған.

Жас қаламгерлердің өлеңдерін ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Сағынтай Бисенғалиев, ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Т. Айбергенов атындағы сыйлықтың иегері Ғайса-Ғали Сейтақ, ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Қазыбек Қабжанов бағалады.

вечер Сагата Абдугалиева (6) (1)

Мүшәйра қорытындысында бас жүлдені Абылайхан Мақсұтов еншілесе, Марлен Ғилымхан бірінші орынның биігінен көрінді. Екінші орынды Ақтілек Орынбасаров иеленсе, үшінші орын Алтынбек Ермекқалиевқа бұйырды. Ал Бекболат Қаленов пен Дәурен Шамұратовқа Сағат Әбдуғалиев атындағы арнайы жүлде ұсынылды. Сонымен қатар Сырым аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Ерлан Сәрсенов Аманжол Исламғалиға Сырым ауданы әкімдігі тағайындаған Қадыр Мырза Әли атындағы арнайы жүлдені, Ақжайық аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Руслан Биманов Асантемір Қаршығаұлына Ақжайық ауданы әкімдігі тағайындаған Жұбан Молдағалиев атындағы арнайы жүлдені табыстады.

89d74046-7751-4413-b024-54babfacaba5

– Сағат – ойлы ақын. Қазылар алқасы мүшәйра шартының шеңберінен шықпай, өлеңдерге әділ баға бердік. Сағатша жырлайтын жастарды іздедік. 18 ақынның арасынан 8 ақынды таңдап алдық. Іріктеу барысында өлеңдердің авторы кім екенін мүлде білген жоқпыз. Осындай жас ақындарымыз барда Сағат жырының өміршеңдігіне сенемін, – деді қазылар алқасының төрағасы Сағынтай Орынғалиұлы.

Марлен Ғилымхан

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале