Қазанның 14-і күні Ақжайық ауданының орталығында қазақтың көрнекті ақыны, аудармашы, сыншы, әдебиеттанушы-ғалым Сағынғали Сейітовтің шығармашылығын дәріптеу мақсатында «Талант парасаты: екі ғасырмен егіз өрілген өмір» атауымен кешенді іс-шара өтті.
Оған Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, жазушы, өлкетанушы Жайсаң Ақбай, Сәкен Сейфуллиннің кенже інісі Мәжиттің қызы, биология ғылымдарының докторы София Сейфуллина, ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ғалым Жайлыбай, жазушы, филология ғылымдарының докторы Нұрдәулет Ақыш, ақынның қыздары Дидар, Ділбар Сейітовалар және облысымыздағы зиялы қауым өкілдері, облыстық және аудандық кітапханалардың мамандары, өлеңсүйер, өнерсүйер қауым қатысты.
Марлен Ғилымхан,
zhaikpress.kz
Мақаланың торлық нұсқасын "Орал өңірі" газетінің 18 қазандағы №123 (21152) санынан оқи аласыздар.