16.07.2016, 20:05
Оқылды: 30

Оралда «AKZHAIYK INVEST» инновациялық форумы өтті

FB_IMG_1468672462434Бүгін «Қарашығанақ Петролиум» Оперейтинг б.в» компаниясы бас кеңсесінде Батыс Қазақстан облысының «AKZHAIYK INVEST» инновациялық форумы өтті. Өңірімізде тұңғыш рет ұйымдастырылып отырған форумға мемлекеттік орган қызметкерлері мен іскер адамдар және ҚР даму институттарының өкілдері қатысты.


FB_IMG_1468677499005Мұнда өңіріміздің инновациялық-технологиялық дамуы, аймақтың ірі инвестициялық жобалары, перспективалық инновациялық және Start-up жобасы, экономиканың басым секторын дамыту перспективалары талқыланды.
Форумда облыс әкімі Алтай Көлгінов сөйлеп, форум қатысушыларына «Хош келдіңіз» айтты.
Әкімнің сөзінше, бүгінде облыста машина жасау, ауыл шаруашылығы кешені, құрылыс индустриясы, шағын және орта бизнес, туризм саласын дамыту бойынша кешенді жұмыстар жүргізілуде.
Бұдан соң сөйлеген Қазақстанның Қаржыгерлері Қауымдастығы Кеңесінің төрағасы М.Әуезов жиналғандарды алдымен қауымдастық жұмысымен таныстырды. Оның сөзінше, қауымдастық 1999 жылы мамыр айында құрылған. Құрамында бүгінде 160 мүшесі бар, олар: 43 банк секторы, 33 сақтандыру секторы, 29 Қор секторы, 12 консалтинг пен аудит және 50 шақты басқа да секторлар. Қаржы секторына қарасты ұйымдардан тек өткен жылдың өзінде 138,5 млрд. теңге көлемінде салық түскен. FB_IMG_1468672477009Төраға сөзінің соңында Қауымдастықтың әкімдіктермен өңірлердегі инвестиция, салық және жұмыс көздерін көбейту, қаржылық секторды дамыту, сондай-ақ қаржылық қызметтің сапасын арттыру бағытында ынтымақтаса жұмыс істеуге ықыласты екенін жеткізді.
Келесі кезекте сөйлеген Еуропа және Орта Азия елдеріндегі корпоративті басқару бойынша IFC экперті Б.Джанджалия корпоративтік басқарудың тиімділігі жөнінде әңгімелесе, «НАТР» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Ж.Сәлімов еліміздегі инновацияның даму қарқыны жөнінде баяндады. Ол өз сөзінде облыстың инновация бағытындағы белсенді жұмысын атап көрсетті. Оның айтуынша, біздің облыстан 2011-2015 жылдар аралығында инновациялық грантқа 16 өтініш келіп түскен.
«КПО б.в.» компаниясының бас директоры Ренато Мароли компания жетістігін өз мекемесіндегі корпоративті басқарудың сәтті жүзеге асыруымен байланыстырды. Және компанияның инновациялық әдістемелер тәжірибесін өзгелермен бөлісуге қашан да дайын екенін жеткізді.
FB_IMG_1468672406724Осыдан кейін ««Орал» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» Ұлттық компаниясы» АҚ мен «НАТР» АҚ «Технопарк «Алгоритм» ЖШС ғимаратында «SmartCity» («Умный город-Ақылды қала») бағдарламасы аясында кешен құру жөніндегі келісімге қол қойды.

Сондай-ақ БҚО әкімдігі мен «Қазақстан Қаржыгерлері Қауымдастығы» ЗТБ облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі мәселелерді шешу аясында күш біріктіру жөніндегі меморандумға қол қойды.
Бұдан соң «БҚО инвестициялық мүмкіндігі мен даму әлеуеті» тақырыбындағы сессия басталып, қатысушылардың әрқайсысы өз саласы бойынша баяндама жасап, жиында көтерілген мәселелер бойынша өздерінің ұсыныс-пікірлерін жеткізді.

www.zhaikpress.kz

Айша ӨТЕБӘЛІ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале