4.08.2020, 10:43
Оқылды: 52

Ақжайық ауданы орталығының әкімі байқау жеңімпазы атанды

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі ауыл әкімдерінің беделін көтеру, мемлекеттік басқарудың озық тәжірибелерін кеңінен насихаттау, үздік кәсіби білімі мен дағдылары бар ауыл әкімдерін анықтау және ынталандыру мақсатында республикалық конкурс өткізуде.

5BC4DCA2-4874-4C81-9185-0A621D3F7BF8

Конкурс 2020 жылғы 25 мамырда жарияланып, 15 кандидат құжат тапсырып, 13 кандидат іріктеуге жіберілді.

Конкурстың деңгейлері бойынша кандидаттар бірқатар бағалау рәсімдерінен өтті. Атап айтқанда, мемлекеттік қызметшілердің этикасын сақтауы мәселелері бойынша әдеп жөніндегі уәкілдің сауалнамасы, жергілікті әкім жұмысының тиімділігіне халықтың қанағаттануын өлшеу үшін елді мекен тұрғындарының арасында онлайн сауалнама жұмыстары бар.

Сонымен қатар кандидаттардың жобалық жұмыстары мен эсселері бағалаудан өтті.

Конкурс нәтижесі бойынша Ақжайық ауданы Чапаев ауылдық округінің әкімі  Нұртаза Нұрхатұлы Набиденов жоғары балл жинап, БҚО өңірлік деңгейінің жеңімпазы болды.

- Н.Набиденов – 2016 жылдан бері Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданының орталығы Чапаев ауылдық округінің әкімі лауазымын атқарып келеді.

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру мақсатында, яғни халықпен жақын болу, проблемаларын дер кезінде шешу мақсатында Н.Набиденов ауыл тұрғындары үшін «Ашық әкімдік», «Ашық диалог» форматтарында кездесулер өткізуді жүйеге айналдырды.

Ауыл тұрғындарына мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге қолжетімді болу үшін ауыл әкімшілігі ғимаратынан өзін-өзі қамту бұрышын ашты.

Ауыл әкімінің халықпен тікелей байланыс орнатып, өзекті мәселелер бойынша уақтылы шешім қабылдай білуінің нәтижесінде тұрғындардың әлеуметтік жағдайы шешіліп келеді. Осының бір дәлелі Чапаев ауылында 24 пәтерлі 3 қабатты тұрғын үй салынып, жетім балалар, ҰОС ардагерлеріне теңестірілген зейнеткерлер, мүгедектер, аз қамтылған, көпбалалы, мүгедек бала асыраушы отбасыларына берілді.

Сонымен қатар қоғамдық орындарда, көшелерде иесіз бос жүрген малдарды қамау алаңын ашып, ауыл тұрғындарына техникалық су жеткізіп, жол белгілерін жаңартып, абаттандыру жұмыстары сияқты көтерілген мәселелерді де шешіп келеді.

Ауылда проблемалардың бірі, ол – жұмыссыздық. Жұмыссыздықпен күресу мақсатында «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында жыл басынан 4 отбасыға ауыл шаруашылығы малдарын алу үшін несие алуға және 23 отбасыға қайтарымсыз грант алуға септігін тигізді.

Жыл басынан 367 жұмыссыз түрлі қоғамдық жұмысқа тартылды.

Сонымен қатар пандемия кезінде бірқатар іс-шаралар ұйымдастырған. Ауылішілік шаралардың барлығының басы-қасында өзі жүріп, ауылға кіреберіс екі бағыттағы жолдарға және аудандық ауруханаға үш блокпост дайындап орнатып, блокпост қызметкерлеріне уақтылы тамақтандыруды ұйымдастырған, - дейді ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің БҚО бойынша департаментінің баспасөз хатшысы Бекзада Оқасова.

Ертай Бимұханов,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале