"Ақжайық" ойыншысы Арман Смаилов ел кубогінің алғашқы кезеңінде өткізген үш матчта 10 гол соқты.
Арман Павлодар облысының тумасы. Павлодар ауданына қарасты Чернорецк ауылында 1997 жылы дүниеге келген.
Ал футболдағы алғашқы қадамын "Ертісте" бастаған. Сол команданың жастар құрамында, "Ертіс-М" сапында жақсы ойынымен көзге түсті. 16, 17 және 19 жасқа дейінгі ұлттық құрама сапына бірнеше шақыртылды.
Одан бөлек "Екібастұз" және "Ақсу" командаларында доп тепті. Сондай-ақ 2019 жылғы маусымда "Ақжайық" сапында болды.
Түгелбай Бисен,
zhaikpress.kz