3.12.2020, 15:09
Оқылды: 55

«Ақжайық» футбол клубы банкрот деп танылуы мүмкін: БҚО әкімдігі жағдайды түсіндірді

Батыс Қазақстан облысында кәсіби спорт клубтарының бюджетін қысқарту көзделуде, деп хабарлайды ҚазАқпараттың БҚО-дағы тілшісі.

CCEA8DE5-1E49-4B12-9DC3-F606BA5CD6E8

БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Қаймен Есендияровтың Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингіде мәлім еткеніндей, соның есебінен үнемделген қаражатты балалар және жасөспірімдер спортын, бұқаралық спортты дамытуға жұмсау қарастырылуда. Мемлекет басшысы халыққа Жолдауында «Қаржы жетіспеушілігі жағдайында кәсіби спорт клубтарын толықтай бюджет қаражаты есебінен ұстаудың маңыздылығы жоқ», деп атап көрсеткен болатын. Облыста қазіргі таңда үш кәсіби спорт клубы бар: «Ақжайық» футбол клубы, «Ақжайық» допты хоккей клубы және волейбол командасы. Қ.Есендияровтің сөзіне қарағанда, биыл «Ақжайық» футбол клубына 635 млн. теңге бөлінді. Індетке байланысты бірінші лига командалары арасындағы Қазақстан чемпионаты тек күзде ғана, екі ай мерзімде өтті. «Ақжайық» футбол клубы алдағы жылы Премьер-лигаға қайта оралуды мақсат етеді. Бас бапкер де жаңадан тағайындалады. «Ақжайық» футбол клубының қосымша құн салығына қатысты 200 млн. теңге қарызы әлі жабылған жоқ. Оны бюджет есебінен жабу мүмкін емес. Заңды тұлға өз міндеттемелерін орындай алмаса, оны тарату немесе банкрот деп тану рәсімдері жүзеге асырылады. Қазіргі кезде басқарма бұл мәселені зерделеу үстінде. Әрине, «Ақжайық» футбол клубы жойылып кетпейді. Мемлекеттік сатып алу заңнамасына сәйкес команданы конкурс арқылы қаржыландыру жүргізіледі. Бұл ретте, жастар және балалар футболына баса мән бермекшіміз», - деді Қаймен Есендияров.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале