9.07.2020, 9:35
Оқылды: 40

Ақжайық имамдары құрбан шалып, дұға жасады

    Әлемге дүрбелең салған COVID-19 жұқпалы індетінен тез құтылып, ауырғандар сауығып, бұрынғы қалпымызға жету мақсатында ҚМД-ның БҚО бойынша өкілдігінде құрбан шалып, дұға ету шарасы ұйымдастырылды.

5E46EB2F-D281-4712-A1EE-0787F9EBFE34

ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасына орай ұйымдастырылған шараны Ақжайықтың имамдары жалғастырды. 

Осынау қиын сәттерде шипа мен ем болатын алғашқы амал – мұсылманның дұғасы. Орал орталық мешітінің наиб имамы Самат Әлібаев Құран оқып, облыстық қалалық, аудандық мешіттің имамдары мен жамағаттары Құран хатымын жасап, оқылған намазда да, берген садақаларында да Алладан еліміз үшін амандық сұрауда.

  Игі бастама Жаңақала аудандық мешітінде өз жалғасын тапты.

                                 ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз қызметі

 

 

 

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале