Ел кубогінің бірінші іріктеу кезеңін аяқтадық. Жарыс жақсы өтті. Командаластарым бар күш-жігерін салды.
Төрт ойын өткізіп, барлығында жеңіске жеттік. Қуаныштымын. Бұл көрсеткіш – бапкерлік құрамның тынымсыз еңбегінің, бір мақсатқа жұмыла білген жігіттердің маңдай терінің арқасы. Ал "Академия Оңтүстік" командасымен болған ойынға келсек, біз жеңіске жеттік. Ол команда да болашағынан зор үміт күттіретін жастардан құралған. Шеберліктері де жетерлік. Десе де тәжірибенің арқасында жеңе алдық.
Алда бізді жаңа маусым күтіп тұр. Қызықты жарыс болады деген үміттемін. Барлық футболшыларға сәттілік тілеймін. Жарақаттан аман болайық. Алға қойған мақсатқа жету үшін барымызды саламыз. Ал қолдауын аямайтын жанкүйерге қашан да ризамыз.
Түгелбай Бисен,
zhaikpress.kz