9.04.2024, 17:42
Оқылды: 55

«Ақжайық» қоры жиылған қаражат есебін ұсынды

"Батыс Қазақстан облысында 2024 жылдың наурыз айының соңында басталған су тасқынына байланысты 1 сәуір күні төтенше жағдай жарияланды. Осыған орай өңірдің үкіметтік емес ұйымдары, сонын ішінде «Батыс Қазақстан облыстық азаматтық альянсы» заңды тұлғалар бірлестігі «Ақжайық» қоры арқылы қаражатты жинау туралы үндеу жариялады", - деп хабарлайды batystoday телеграм арнасы. 

ЖП ақша

«Ақжайық» қоры құрылған күнінен бастап ашықтық, жариялылық принциптерін ұстанып келеді. Сол себепті осы осы кезге дейін ел халқы атынан жиылған қаражаттың есебін көпшілікке ұсынуды жөн көрді.

2024 жылғы 28 наурыз – 8 сәуір аралығында қор есеп шотына бизнес өкілдерінен 63 115 303,3, жеке тұлғалардан 226 500, мемлекеттік органдар мен оларға қарасты ұйым қызметкерлерінің бір күндік жалақысы есебінен 12 171 777, мемлекеттік емес ұйымдардан 5 302 358,76 теңге қаражат түсті.

Қазіргі таңда «Ақжайық» қоры: 80 815 939,1 қаражат жинады. Тасқын салдарынан зардап шеккендерге қаржылай көмек жинау ісі жалғаса береді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале