20.03.2023, 16:14
Оқылды: 23

"Ақжайық" жеңісті жолын жалғады

Ел кубогі жолындағы жорығын жалғастырған "Ақжайық" топтық кезеңнің екінші матчын "Жас қыран" командасына қарсы өткізді.

ФК (2)

Ойын басынан шабуылға ден қойған Игорь Прохницкий жігіттері 3-минутта Арман Смаиловтың көмегімен есеп ашты.

ФК (7)

Артынша Арман тағы бір гол соғып, "Ақжайықты" алға жетеледі. Осылайша ойынның алғашқы бөлігін оралдық команда өз пайдасына аяқтады.

Екінші таймды да ширақ бастаған "Ақжайық" Завен Бадоянның көмегімен есепті 3:0 етті.

Осы сәтте есе жіберуді ар көрген "Жас қыран" футболшылары шабуылға ден қойып, оралдық команда ойыншыларын қателесуге мәжбүрледі.

Сәтті прессинг өз нәтижесін де берді.

"Жас қыран" бірнеше минут ішінде есеп айырмасын бір допқа дейін қысқарта алды.

Қарсыласқа бұлай еркіндік берсе, жағдай қиындай түсетінін түсінген оралдық футболшылар тез арада ес жиып, жинақы ойнауға тырысты.

Ол да өз нәтижесін берді. Алдымен Арман Смаилов есепті 4:2 етсе, ізін ала Евгений Кобзарь пенальтиді сәтті орындап, жеңісті есепті ұлғайтты.

Түгелбай Бисен,

zhaikpress.kz

Фото: Айбатыр Нұраш

ФК (1) ФК (2) ФК (3) ФК (4) ФК (5) ФК (6)

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале