21.12.2023, 11:45
Оқылды: 38

Ақжайықтық ұстаздар марапатталды

Жақында Астанада «Педагогикалық идеялар панорамасы» республикалық байқауының салтанатты марапаттау рәсімі өтті.

dde01bad-3a1b-4f3a-9649-a7c8d97b8c90

«Педагогикалық идеялар панорамасы - 2023» республикалық бейнесабақтар мен бейнедәрістер байқауының қорытындысы жарияланды.

Байқауға 1000-нан астам педагог қатысып, олардың 100-і үздік деп танылды.

Салтанатты жиынға оқу-ағарту министрлігі орта білім беру комитетінің төрағасы Қаныбек Жұмашев, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының төрағасы Еламан Айбульдинов қатысты.

c1cce8c3-bf7b-42f4-80b0-e6532970bfb1

Жеңімпаздар арасында батысқазақстандық ұстаздар да жүлделі үшінші орынды иеленген болатын.

Аружан Аскарова, Айбек Кинешов Д. Қонаев атындағы №44 мектеп-гимназиясының мұғалімдері (Математикалық сауаттылық), №41 мектеп-лицейінің мұғалімдері Назерке Боранбайқызы мен Гүлдария Куанышкалиева (Медиа-ақпараттық сауаттылық) , эстетикалық бағыттағы гимназия мұғалімі Гульайм Сагиева (Оқу сауаттылық), Бөрлі ауданы Ақсай қаласының №2 ЖОББМ-тің мұғалімі Гауһар Нияр (Мәдениетаралық сауаттылық) және Бәйтерек ауданы Жамбыл мектебінің мұғалімі Айгуль Абдрахманова «Youtube-те ең көп қаралған бейнематериал үшін» номинациясын иеленді.

Байқауда жүлделі орын еншіленген ақжайықтық ұстаздар қаржылай сыйақы алды.

 

Толқын Габдушева,

«Өрлеу» БАҰО» АҚ «БҚО КДИ» филиалы,

PR SMM маманы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале